Ертең 42 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер сәрсенбіге, 2 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Еліміздің батысында, солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанады. Республикамыз бойынша жел күшейіп, дауыл тұрады. Солтүстік өңірде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз дауыл тұрады, бұршақ жауады деп болжанады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер Алматы облысында күндіз +40+…42°С дейін өте қатты ыстық болатынын болжады;
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жетісу, Абай, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында күндіз +35…+40°с дейін қатты ыстық болады деп күтіледі.
Болжамға сәйкес, жоғары өрт қаупі келесі өңірлерде тіркеліп отыр:

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, Батыс Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігінде;
төтенше өрт қаупі – Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, ШҚО, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары, Қостанай, Ақтөбе өңірлерінің оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында.