НАУҚАНШЫЛДЫҚ ЕМЕС, НАҚТЫЛЫҚ НӘТИЖЕ БЕРЕДІ
Бүгін Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасы – «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ахат Құрмансейітов мәслихаттағы партия фракциясының құрамымен кездесіп, кең мазмұнды кеңес өткізді.
Жиында партия филиалының атқарушы хатшысы Думан Жұманов жыл басынан бергі кезеңдегі жүргізілген жұмыс нәтижесі және жоспарлы шаралар мен олардың сапалық деңгейі жайлы мәлімет ұсынды.
Соның аясында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» атты 2023-2027 жылдарға арналған Ұлытау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасындағы индикаторлық көрсеткіштер бойынша атқарылған жұмыс ауқымы талқыланып, жетістіктер мен кемшіліктер екшелді.
Жиын барысында, сонымен қатар, партия фракциясы мүшелерінің күнделікті іс-әрекетте өзара ықпалдасуы, партиялық жобалардың аудан аумағында тиімді іске асырылу жайы, партия тұрмысына қатысты басқа да маңызды мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылды.
#AMANAT