Президент Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады.

Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған», делінген ресми хабарламада.