ҰБТ-2024: Өз қаламсабын алып кіруге тыйым салынады

Келесі жылдан бастап түлектерге қалам аудиторияда беріледі. Бұл туралы ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.


«Біз денсаулығында кінәраты бар балаларға дәрумен мен дәріні кіргізуге рұқсат етеміз. Бізде бір оқушы дәруменнің бетіне формулаларды жазып қойған, арнайы қаламдар да болған. Сол себепті біз келесі жылы ҰБТ өткізу кезінде қаламдарды да аудиторияда беру туралы шешім қабылдағымыз келеді. Биыл біз оқушыларға қаламды өзімен бірге әкелуге рұқсат еттік. Бірақ қаламға шпаргалка жасырған фактілер кездесті, сол себепті біз мұның бәрін ескеріп, шешім қабылдаймыз», – деді Емелбаев.