Қарағанды облысы тұрғындарының қауіпсіздігін үш мыңнан астам камера бақылайтын болады
2021-2023 жылдары Қарағанды облысында «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру жоспарлануда. Үш мыңнан астам бейнекамера өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қадағалайды.
«Цифрлық көздер» қоғамдық орындарда орнатылады және оларды жол қауіпсіздігін арттыруға ғана емес, құқық бұзушылықтардың алдын алуға да бағыттайды. Деректер ПД ЖБО-ға және облыстың барлық құқық қорғау органдарына түсетін болады.
Жоба техникалық құралдарды пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде ахуалдың мониторингін арттыруға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды ашу жөніндегі деректерді іздеуді және талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, коммуналдық меншіктің сақталуын арттыру (мысалы, көшелер мен аулаларды қардан тазалау мониторингі) және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша міндет шешілуде.
Сондай-ақ, жоба қылмыстық оқиғалар болуы ықтимал аудандарда немесе қылмыс деңгейі жоғары аудандарда азаматтардың қауіпсіздігін сақтауды арттырады.
Нәтижесінде сыртқы бақылаудың 3 223 камерасынан бейнесигналдарды сақтау мен өңдеудің бірыңғай орталығын, ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеудің 100 кешенін және шұғыл байланыстың 33 терминалын құру көзделіп отыр.
Ол үшін Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Саран қалаларында және Осакаровка кентінде бейнебақылау камераларынан сигналдар алатын бірыңғай орталықтандырылған жүйе құру бойынша қызмет көрсетушілер арасында конкурс жариялады.
Жоба бірнеше кезеңге бөлініп, үш жыл ішінде іске асырылатын болады.
Оған аппараттық-бағдарламалық кешенді енгізу, бейнебақылау камераларынан сигнал алу үшін инфрақұрылым құру (кабель төсеу), қажетті жабдықты (бейнебақылау камералары, камераларды монтаждау, қызмет көрсету және т.б.) және перифериялық құрылғыларды сатып алу кіреді. Жоба аясында қолданыстағы бейнебақылау камералары жаңғыртылады, жылдамдық режимінің артуын, жол қозғалысы ережелерін бұзуды және т. б. тіркей алатын жаңа камералар орнатылады.
Мұндай орталықтандыру құтқару қызметінің түрі бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға, бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға, жедел ақпарат алмасуға және т. б. мүмкіндік береді.
Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының хабарламасы бойынша
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.