Ұлытау ауданында Ақтас-Пионер бағытындағы жол жөнделуде
Аудандық бюджет есебінен жергілікті маңызы бар Ақтас кенті мен Пионер елдімекенінің арасындағы 5-19 шқ жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Конкурсты «Астана технадзор» ЖШС жеңіп алды.
Сондай-ақ, аталған бағыттағы жолға жеті суағар қойылды.
Бүгінде жұмыстар жалғасуда. Ақтас пен Пионер елдімекендері арасындағы жол 2024 жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.