Ауылдағы волонтерлік ұйымдарға гранттар беріледі
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадіров мәлімдеді.
Былтыр 4 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтерлік қызмет туралы» Заңға қол қойған еді. Енді еріктілердің оқуға, жұмысқа түсуі кезінде басымдықтар болады.
Вице-министрдің айтуынша, 2023 жылы волонтерлік ұйымдарды қолдауға бағытталған 54 жоба қолға алынды. Соның ішінде 250 шағын грант беріледі. Әр гранттың сомасы шамамен 1 млн теңге. Екі жылға дейінгі мерзіммен беріледі. Гранттардың көбі ауылдағы волонтерлік ұйымдарға берілмек.