Мүфтият құрбан шалу тәртібін жариялады

Қазақстанда онлайн құрбандық  шалуға мүмкіндік беретін qurban2023.kz сайты іске қосылды.

Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады.

Құрбандық шалғаннан кейін тапсырыс берушіге фото және бейне есеп жіберіледі.

Биыл Құрбан айт 28, 29 және 30 маусымда тойланады.

Үкімет қаулысына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Қазақстан халқы 28 маусым, сәрсенбіде демалады.