Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркістанда өтеді
Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтеді, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді, делінген ақпаратта.
Айта кетейік, 2022 жылы Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытау өңірінде өтті.
Ұлттық құрылтайдың құрамында Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар.