Жөндеу жұмыстары – жіті назарда
Ұлытау ауданы Жезді кенті ауруханасына облыстық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде ауруханада 22 адам қызмет жасайды. Ғимарат 2004 жылдан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген.
Қазіргі таңда аурухана ғимаратының екінші қабатының жұмыстары аяқталып отыр. Атап айтқанда, ғимараттың кәріз жүйесі, едені, қабырғасы, жылу беру жүйесі, есік-терезелері толығымен ауыстырылып, кабинеттер заманауи үлгіде жаңартылды.
Дәл осындай жұмыстар аурухананың бірінші қабатына да жасалатын болады.
Мердігер: «Группа компаний Табыс Плюс» ЖШС.