«Жезді» өзенінің арнасын тазарту жұмысы басталды

Ұлытау ауданы Жезді кентіндегі «Жезді» өзенінің арнасын тазартуға облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, мердігер «TOLAGAI-2050» ЖШС жұмыстарын бастады.

Өзен арнасын тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылып, 300 метр ұзындықтағы саз-балшықтар алынып, өзен бойына өскен қамыстар тазартылды. Барлық тазарту (санация) аумағы 2 шақырымды құрайды.

Алдағы уақытта қосымша техникалар жұмылдырылып, жиналған саз-балшықтарды сыртқа шығару жұмыстары жүргізілмек.

Сондай-ақ, өзен жағаларына су шайып кетпеу үшін тастар төселеді.