Ұлытауда жаяу жүргіншілер өткелдері мен жолақтар ретке келтірілді
Ұлытау ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Абай көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер өткелі және жол бойындағы жолақтар жаңартылды. Аталған жұмысқа жалпы 2 техника, 5 адам жұмылдырылды.
Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан облыстық маңызы бар және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қажетті жерлердегі жолақтарды жаңарту жұмыстары жоспарлануда.