Құрметті Ұлытау облысының мәдениет және өнер қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — «Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен» құттықтаймыз!
Мәдениет және өнер саласының мамандары — әркез елдің рухын көтеріп, адамзат баласына шексіз қуаныш, зор мақтаныш сыйлап келеді.
Бұл ретте, кезіндегі Жезқазған облысы тарихында да, жаңа Ұлытау облысының қалыптасуында да мәдениет майталмандарының, әсіресе ардагерлеріміздің қосқан үлесі зор.
Бүгінгі күні Ұлытау облысының халқына 114 мәдениет мекемесі қызмет көрсетеді, оларда 1500 астам мәдениет қызметкері еңбек етуде.
Облыс бойынша 1 – Халық әртісі, 10-нан аса Қазақстанның еңбек сіңірген артисі және 50-ге жуық мәдениет саласының қайраткері мен үздігі қызмет етуде. Сонымен қатар 13 ұжымның «Халықтық» атағы бар.
Ұлытау облысының құрылуына орай мәдениет саласының құрылымы 3 жаңа мекемемен толықты. Сәтбаев қаласында Жастар театры ашылды.
«Ұлытау үні», «Жез киік» және «Көк майса» фестивальдері — облысымыздың визиткасына айналды.
Бүгінгі кәсіби мереке иелері, сіздерге қызметте шығармашылық шарықтау, таусылмас шабыт тілеймін!
Жемісті де абыройлы еңбек ете берулеріңізге тілекшіміз!
Құрметпен,
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов.