Құрметті мəдениет жəне өнер қызметкерлері! Қымбатты сала ардагерлері!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Мəдениет – ұлттың мəйегі. Өнер – халықтың қазынасы, ұлттың құндылығы. Өнер мен мəдениет – егіз ұғым. Əрбір елдің рухани күші оның мəдениетінің деңгейімен өлшенеді. Содан болса керек, өнер көшін ілгері бастырып, ұлт руханиятының шырақшысы болып жүрген мəдениет майталмандарының қоғамдағы алар орны ерекше.

Үш жүздің басын қосқан қасиетті Ұлытау топырағы ертеден мəдениет пен өнер жұлдыздарының алтын бесігіне айналғаны анық. Сіздер солардың ісін абыроймен жалғастырып, өңір өркениетінің дамуына өздеріңіздің сүбелі үлестеріңізді қосып келесіздер. Ұлттық өнердің қанат жайып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуында – баршаңыздың үлестеріңіз зор, еңбектеріңіз ерен.

Мерейлі мереке күні мəдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз.

Ел мəдениетінің өркендеп-өсуіне, шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, тамаша тартымды туындыларыңызбен қуанта беріңіздер!

Баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық табыс, сарқылмас ырзық-несібе мен шаңырақ шаттығын тілейміз.

Мереке құтты болсын!

 Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

Ұлытау ауданының əкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,

аудандық мəслихаттың төрағасы.