Кәсіпкерлердің құқығын қорғады
Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Бизнеске жол» жобасы аясында 36 кəсіпкердің құқығын қорғады.
Қабылданған шаралармен жеке балабақшалардың иелері бақылаушы органдар тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын шамадан тыс тексеруден қорғалған, өнім беруші – субъектілерге белгіленген мерзімдер өткеннен кейін кепілдік етуді қайтару қамтамасыз етілді, тауарлар жеткізушілер мен қызмет көрсетушілерге негізсіз кешіктірілген ақыларын төлеу қамтамасыз етілген, аукцион арқылы жер учаскесін алу құқығы қалпына келтірілген. Сондай-ақ, бұрын заңсыз бас тартылған жер учаскесінің координаттар ведомосын салыстырып тексеру актісі бойынша оң шешім шығаруға көмек көрсетілд
Тұрақты негізде сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері, мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылық өкілдері қатарынан құрылған «Бизнеске жол» жобасының жұмыс тобы өз қызметін жүзеге асыруда.
Өңірлік кəсіпкерлер палатасы құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы қатысатын кəсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес құрды.
Бизнес субъектілерін «Бизнеске жол – Дорога бизнесу» жобасын іске асыруға белсенді қатысуға, бизнесті еркін жүргізуге кедергі келтіретін барлық сыбайлас жемқорлық тəуекелдері мен əкімшілік кедергілер туралы хабарлауға шақырамыз. Өз ұсыныстарыңыз бен жауаптарыңызды 87016580665 телефоны арқылы хабарлауға немесе ulytau@ antikor.gov.kz электрондық поштаға жіберуіңізге болады.
Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.