Құрметті аудан тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру туралы тарихи Жарлыққа қол қойылғанына биыл 31 жыл толып отыр. Отан қорғау – қасиетті ұғым. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, өз əскері құрылды. Бүгінгі таңда, Отан қорғаушылар күні Отанын қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық азаматтың ортақ мерекесіне айналды.
Бұл мереке – мемлекеттің, қоғамның жəне əрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген ерлерді ұлықтайтын күн. Батыр бабалардың арқасында елімізге бейбіт өмір келді. Тəуелсіз Қазақстанның əр азаматының алдындағы негізгі міндет – осы бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтауға өз үлесін қосу.
Қымбатты жерлестер!
Батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің, патриотизмнің мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, татулық пен бақыт, əр шаңыраққа ырыс-береке тілейміз. Ел іргесі тыныш, Қазақстанды өркендету жолындағы қызметтеріңіз табысты болсын!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мəслихаттың төрағасы