Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары! Құрметті жерлестер!
Сіздерді республикамыз үшін айтулы мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мамырдағы бұл мереке – тарихи бірлік пен туған жерге деген риясыз сүйіспеншіліктің жарқын символы.
Қазіргі таңда облыста 9 этно-мәдени бірлестік пен 10 бастамашыл топ жұмыс істейді. Облысымызда барлығы жиырмаға жуық этностың өкілдері тұрады. Ал бейбітшілік пен келісімнің нығаюына әркім өз үлесін қосуда.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілейміз. Бірлік күні бізді Жаңа Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктерге шабыттандырсын!
Құрметпен,
Берік Әбдіғалиұлы,
Ұлытау облысының әкімі.
Бауыржан Шыңғысов,
Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы.