Конституциялық реформа саяси жүйеміздің қызмет етуінің мүлде жаңа стандарттарын белгілейді
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттің негізгі институттарын қайта іске қосуға бағытталған саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынды. Маусым айында өткен жалпыхалықтық референдумда халқымыз тағы да бірлігін танытып, Конституцияға енгізілген өзгерістерді қолдаған болатын.
Конституциялық реформа саяси жүйеміздің қызмет етуінің мүлде жаңа стандарттарын белгіледі, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жаңаша айқындады.
Президенттің айтуынша реформа бұл бұрынғы барлық қайта құрулардың жалғасы және мемлекеттігімізді одан әрі нығайтудың берік іргетасы.
Конституциялық реформаны іс жүзінде жүзеге асыру аясында былтырғы жылы қараша айында бірқатар іргелі заңға көпшілік алдында қол қойған болатын. Бұл реформада жер мен барлық табиғи ресурстар халыққа тиесілі деген принципті маңызды норманы бекітті. Сондай-ақ аралас сайлау жүйесіне көшуді бекітті. Осының барлығы мемлекеттің тұрақты дамуына, азаматтық қоғамның прогрессивті ілгерілеуіне және халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға жағдай жасайды.
Бағдат Бекежанова,
облыстық мәслихат депутаты.