Түлектер ұйымдастырған жарыс
Қазір ауыл жастарының дені берекелі, момақан даладан ию-қиюы мол, даңғаза қалаға кетуге құмартып тұрады. Ал, алтын бесікті өгейсінбей, туған жердің түтінін түзу түтетуді жөн көрген ауыл азаматтары тым сирек.
Солардың алдыңғы қатарында №4 Қаракеңгір жалпы білім беретін мектебін 2002-2013 жылдары оқып, тəмамдаған түлектер тұр. Олар мектеп бітіргендеріне 10 жыл толуына орай, «Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен ауыл жастарының басын қосып, волейболдан жарыс өткізді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сайысқа 6 команда қатысты.
Ойын нəтижесінде үздік командаларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Нақтылай түссек, III орынға «Мұғалімдер құрамасы» командасы, II орынға «Мектеп-1» командасы қол жеткізсе, I орынды «17-19 түлектері» командасы жеңіп алды.
Сонымен қатар, «Үздік шабуылдаушы» номинациясымен 11 сынып оқушысы Бақдəулет Момынтай, ал «Үздік ойыншы» номинациясымен Шыңғыс Мышан марапатталды.
Ақтоты ƏЛТАЙ.