Комиссия отырысы өтті
Аудан əкімінің орынбасары Алмаз Қайырбекұлының төрағалығымен аудан əкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Күн тəртібінде 2023 жылдың жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі туралы жұмыспен қамту орталығының есебі туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Баянқұл Аманжолов ақпарат берді.
Спортпен шұғылдануға тарту арқылы жастардың барлық санаты арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі КММ директорының уақытша міндетін атқарушы Қайрат Əбілов баяндады.
Комиссия отырысы барысында күн тəртібіндегі мəселелер жан-жақты талқыланып, комиссия мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, балалар спортын дамыту, алдағы жұмыс жоспарлар, бапкерлердің біліктілігін арттыру жөнінде де сөз қозғалды.
Аудан əкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөнінде аудан əкімінің орынбасары Алмаз Қайырбекұлының төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Күн тəртібінде екі мəселе қаралды. Алғашқы мəселе аудан əкімдігі жанындағы 2023 жылы дін саласына қатысты атқарылған жұмыстар туралы.
Екінші мəселе білім беретін мектептерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстар жөнінде.
Күн тəртібіндегі мəселелерге сəйкес, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Каренов, аудандық білім бөлімінің басшысы Бағдат Əбдірайымов хабарлама жасады.
Хабарлама аяқталған соң, күн тəртібіндегі мəселелер талқыланып, соңы аудан əкімінің орынбасары А.Қайырбекұлының қорытынды сөзімен аяқталды.
* * *
Аудан əкімдігі жанындағы мемлекеттік рəміздер бойынша аудан əкімінің орынбасары Алмаз Қайырбекұлының төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Күн тəртібінде аудан орталығында орналасқан мемлекеттік мекемелерге тексеріс жүргізу жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Каренов хабарлама жасады.
Жасалған хабарлама бойынша А.Қайырбекұлы аудандағы мемлекеттік мекемелердің рəміздерін стандартқа сай емес мекемелерді ретке келтіру жөнінде белгілі уақыт беріп, осы мəселені ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Кареновке қадағалауды тапсырды.
Аудан əкімінің баспасөз қызметі.