Электр жүйесін реттеу — маңызды мəселе

Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес, Ұлытау ауданы бойынша электр жүйесін ЖРЭК мекемесіне беру жөнінде жұмыстар жасалуда. Бүгінгі күні арнайы комиссия құрылып, құжаттарын заңдастыру жұмыстары жүріп жатыр.

Осыған орай, аудан əкімі Аманжол Мырзабековтың қабылдауында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Дəуір Жүнісбеков, ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық жəне энергетикалық қадағалау жəне бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті республикалық мемлекеттік мекеме басшысы Наурыз Қияшов, ЖРЭК мекемесінің басшысы Евгений Кравчук болды. Сондай-ақ, аудан əкімінің орынбасары Аян Əбжамалов, аудандық экономика жəне қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары жəне тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Батырлан Сəбден қатысты.

Жиын барысында осы мəселеге қатысты атқарылған істер қаралып, жоспардағы жұмыс барысы талқыланды.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі