Ауыл жастарының кәсіпкерлігін дамыту жобасы іске қосылды
Ауыл жастары ауыл тұрғындарының ең әлеуметтік осал тобы болып саналады. Ауыл жастарының жан-жақты қолдауына қарамастан, көптеген сұрақтар ашық күйінде қалып отыр.
Соңғы 5 жылда Қазақстанда ауылдық аумақтарда тұратын жас ұрпақ 50 мың адамға қысқарды. Мұндай кетудің себептерінің бірі ауыл жастарының өзінің әлеуметтік жағдайына қанағаттанбауы болып табылатыны жасырын емес, бұл өңірдің сандық және еңбек әлеуетінің бұлыңғырлануына әкеліп соғады және ауылдық аумақтардың дамуын тұрақсыздандырады. Демек, Қазақстан жастарының құрылымында NEET санатының артуы (білімі мен жұмысы жоқ), олардың еңбек нарығына қатыспауы елеулі әлеуметтік және экономикалық салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Еш жерде оқымайтын немесе жұмыс істемейтін жастар ерекше тәуекел тобын құрайды, өйткені олар маргинализацияға, кедейлікке, шеттетуге және әлеуметтік оқшаулануға бейім.
Қазақстанда соңғы бес жылда алғаш рет NEET жастарының үлесі ең төменгі мәндерді көрсетті: 15 пен 28 жас аралығындағы жас қазақстандықтардың жалпы санының 6,3% көрсетіп отыр. Дегенмен, жастардың бұл үлесінің қайта көбею қаупі жоғары. Бұған әсіресе ауылдық жерлерде білім деңгейінің төмендігі және жұмыс тәжірибесінің жоқтығы ықпал етуде.
ҚР Экологиялық қорының басшысы Айгүл Әбдуалиеваның айтуынша, ауылдар мен шағын қалалардағы заманауи экономика түрлері мен кәсіпкерлік нысандарын дамытуды ынталандыру қажет. Осы мақсатта біздің қор ауылдағы жастар кәсіпкерлігін дамытуды күшейту жөніндегі жаңа жобаны қолға алуда.
«Ауыл тұрғындары – ең алдымен жастар – тиісті білім мен дағдыларды игеріп, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер нарығының барлық қатысушыларымен өзара әрекеттесуі керек. Осы мақсатта біз ауыл жастарының кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік және жекеменшік қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға көмектесетін ауылдық жерлерде жастар кәсіпкерлігін дамытудың жаңа жобасын іске қосып отырмыз. Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен бірлесіп жүзеге асырылуда. Ол NEET жастарына жұмыс табудың негізгі дағдыларын үйретуге, бизнес, гранттар мен шағын несиелер алуға өтініш білдіріп, мемлекет тарапынан стартап-бастамаларға қатысып, ауыл жастарының кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға бағытталған», — деді А.Әбдуалиева.
Осы бағыттар шеңберінде екі жыл ішінде 17 өңірді ақпараттық бұрыштарды іске қосу, жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 8 өңірде тренингтер өткізу және жастарды қолдау үшін Қоғамдастық пен ақпараттық ресурс құру жолымен ауылдағы кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені өткізілмек.
«Ресми статистикаға сәйкес 2022 жылғы III тоқсанда жастардың жалпы санынан NEET жастар үлесінің ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау (12,7%), Шығыс Қазақстан (8,5%), Қарағанды (9,4%), Қызылорда (8%) облыстарында байқалып отыр. Сонымен қатар, осы санаттағы жастардың едәуір бөлігі Маңғыстау (7,5%), Түркістан (7,3%), Ақмола (5,6%), Қостанай облыстарында тұрады. Жастардың осы топта ұзақ уақыт болуы (NEET) олардың жоғары өмір сүру мүмкіндігі мен табыстың тұрақтылығын күрт төмендетеді, көбінесе кедейлік пен денсаулық проблемалары оларды мазалайды. NEET жастарының тұрақсыздығы, әлеуметтік және экономикалық жағдайының тұрақсыздығы олардың криминализация, наразылық, діни деструктивті ағымдарға қатысу және т.б. сияқты әртүрлі деструктивті әрекеттерге қатысу қаупін арттырады. Бұл ауылдардағы табысты әлеуметтік тәжірибелерді анықтауға және оларды республикалық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті жоба жетекшісі.
Оның айтуынша, жастардың білімге де, жұмысқа да тартылмаған деңгейінің жоғары болуы мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардарлықтың төмендігінің салдары болуы мүмкін.
«Жобаның мақсатты аудиториясының бірнеше тобы бар – олар кәсіпкер болуды енді ойлап жүрген адамдар, қазірдің өзінде кәсіпкер және дамуды қажет ететіндер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға мүдделі ауыл тұрғындары. Әр топ үшін қор көмек көрсетеді және мақсатты байланыс орнатады. Биылғы жылға жоспарланған негізгі іс-шаралардың ішінде еліміздің барлық өңірлерінде халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту саласында мемлекеттік көмек көрсету бойынша түсіндірме материалдары бар бұрыштардың ашылуын атап өткім келеді. Сондай-ақ біз облыс орталықтарында NEET ауыл жастары үшін жергілікті жерде лекциялар мен семинарлар өткізуді жоспарлап отырмыз, онда біз еңбек нарығындағы трендтер мен онлайн-режимде орындауға болатын болашағы зор мамандықтар туралы хабардар етеміз», — деп түсіндірді А. Абдуалиева.
Бұл ретте оқытудың жалпы қамтылуы NEET санатындағы жастарды қоса алғанда, кемінде 1600 адамды құрамақ.
Жастар кәсіпкерлігі экономикамыз үшін жаңа құбылыс емес екеніне қарамастан, соңғы уақытта оны дамыту және жастардың бизнеске араласуын ынталандыру мәселелері ерекше өзекті бола бастады.
Жалпы, жас кәсіпкерлерге мемлекеттік көмек көрсету тәжірибесі өңірлік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың және бизнестің қалалық типтегі ауылдарды депрессиялық жағдайдан шығару бойынша өзара іс-қимылының табысты тәжірибесін көрсетеді. Бұл тәжірибені еліміздің барлық шағын аумақтарына масштабтау ұсынылады, бұған тұрғындарды оқыту және ақпараттандыру сияқты алғышарттар ықпал етеді.
Шағын аумақтар үшін оларда кәсіпкерлікті жандандырудың арнайы шаралары қажет. Бұл жоба жастарға NEET көлеңкесінен шығуға көмектеседі деп үміттенеміз.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФОНДЫ