Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау аудандық мәслихатының депутаттарын қабылдады

Аудан жұртшылығымен кездесу мақсатында Ұлт ұясына арнайы сапармен келген облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы  VIII шақырылымдағы Ұлытау аудандық мәслихатының сол күні өткен алғашқы ұйымдастыру сессиясынан кейін өкілетті органның жаңадан сайланған депутаттарын қабылдады.


Жылыжүзді жүздесу барысында аймақ басшысы мандат иелерін бәсекелі сында сайлаушылар сенімін иеленуімен құттықтап, қоғамдық тұрғыда зор жауапкершілік жүктелетін қызметтеріне сәттілік тіледі.
Қабылдауға Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабеков қатысты.

Ұлытау аудандық мәслихатының баспасөз қызметі.