Жүйелі реформа жасалуда
Еліміздің басына сын сағаттары туған қиын сәттерде барша жұртшылық Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа, оң өзгерістер жасауға бағыт беретін үндеуін үлкен үмітпен күтті.
Мемлекет басшысы ҚР Парламенті платформасында Қазақстан халқына үндеу жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде елдің жаңа үкіметі мен мемлекеттік органдар жүзеге асыратын әлеуетті міндеттер мен жұмыс бағыттарын атап өтті. Президент жолдауы, мәлімдемесі ешкімді бейжай қалдырмады. Себебі бұл мәлімдемеде қоғамдағы барлық топтарға, яғни үкімет басындағылар мен қарапайым халыққа қатысты мәселелер түгел қамтылды. Сондай-ақ жаңа құрылған үкіметке елдің экономикасын, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыссыздықты азайту мақсатында жаңа өндіріс орындарын ашу, мамандар даярлайтын білім беру жүйесін кәсіпорындардағы сұраныстармен үйлестіру, ауылдық жерлерде спорт кешендерін салу, тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан, елдің көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік мәселелер шешілуде.
Асхат Қайратұлы Қаппасов, белсенді жас