Жаңа жыл мерекесі кезінде қауіпсіздік іс-шараларын сақтайық!

Көпшілік болатын мерекелік іс-шараларды өткізуге жауапты басшылардың алғашқы міндеттері – балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу жұмыстарын мұқият жүргізу. Мерекелер кезінде балалар мен тәрбиешілері және олардың ата-аналары бірге болуы керек. От тұтанған жағдайда өрт қауіпсіздігі шаралары және балаларды ғимараттан эвакуациялау ережесі туралы оларға алдын ала нұсқама берілуі тиіс. Іс-шараларды өткізуге жауаптылар барлық үй-жайларды, шығатын қосалқы есіктерді жіті қараулары және олардың алғашқы өрт сөндіру құралдарын қоса алғанда, өртке қарсы толық даярлықтарына тікелей көз жеткізулері қажет. Үй-жайда тікелей сыртқа немесе баспалдақ алаңына шығатын кем дегенде екі есік болуы керек. Іс-шараларды өткізу кезінде үй-жайдағы адамдар саны бір адам басына шаққанда 0,75 метрден келетін аудан есебімен белгіленеді. Үй-жайдың белгіленген нормадан артық толуына жол берілмейді.

– Үйден шығатын негізгі және қосымша есіктерді құлыптап жабуға; – терезелерді шере қалқандармен бөгеуге немесе қақпақтармен, ашылмайтын металл торлармен жабуға; – жасанды шаштарды, карнавал костюмдерін, киімдерді тазалауға арналған жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға; өртке қауіпті материалдардан жасалған декорацияны пайдалануға; білте шамдарды және басқа да ашық оттарды қолдануға тыйым салынады. Мереке басталар алдында барлық қатысушылармен жаңа жыл шыршасын орнату кезінде өртті болдырмау туралы әңгімелесулер өткізіледі. Шыршаны ереже бойынша безендіру қазіргі заманғы жасанды модельдерді өндірушілер қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ықпал ететін инновациялық технологияларды ұсынады. Шыршаны орнату үшін ең жақсысы пердеден, шымылдықтан, қабырғадан, жылытқыш және қыздырғыш аспаптардан алыс орынды таңдаған жөн. Оттан қорғау құрамы сіңірілмеген мақтаны шырша астына қоюға болмайды. Осы құраммен маскарадтық костюмдер дайындалатын жеңіл мата, дәке де өңделеді. Шыршада шамдарды және бенгал оттарын жағуға, оған целлулоидты ойыншықтар ілуге, бертолет тұзын себуге тыйым салынады. Зауытта дайындалған гирляндалар қолданылатын электрлік иллюминацияларға ғана рұқсат етіледі. Кез келген иллюминация берік, сенімді және электр қондырғыларын орнату ережелері сақтала отырып жинастырылуы тиіс. Шыршаны жарықтандыруда ақаудың (сымдардың қатты қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқындауы т. б.) бар болу күмәні туындаған кезде, иллюминация тез арада ажыратылуы тиіс. Қайтадан қосу ақаулардың себебін анықтағаннан және олар жойылғаннан кейін ғана мүмкін болады. Оттан қорғау құрамдары сіңірілмеген, мақтадан, қағаздан, дәкеден және соған ұқсас тез тұтанғыш материалдардан жасалған костюмдерді пайдалануға тыйым салынады. Шырша орнатылған үй-жайдан кілемдер, кілем алашалар шығарылуы тиіс. Үй-жайдан әртүрлі отшашуларды, бенгал отын, білте шамдарды, шартылдақтарды пайдалануға, сондай-ақ жарықты толық сөндіруге тыйым салынады.

Көпшілік іс-шараларын өткізу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қойылымдар, салтанатты кештер, жаңа жылдық шыршалар өтер алдында тәрбиешілермен, ата-аналармен және балалармен нұсқама өткізу керек. Көпшілік іс-шараларын өткізу кезінде техника қауіпсіздігін сақтауға үйрету, өзін-өзі қорғау сезімін дамыту керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың жаңа жыл мерекесі кезіндегі қауіпсіз мінез-құлықтарының ережесін сақтау қажет. Әсіресе, бұтақтарды жұлқылап тартуға болмайды – себебі шырша құлап кетуі мүмкін; шыныдан жасалған шырша ойыншықтарын қысуға; бенгал отын ұстауға болмайды. Көп адам жиналатын орындардағы өрт ең алдымен, кез келген бейтаныс ғимаратқа кіргенде өзіңіз жүрген жолдарды есте сақтауға тырысыңыз негізгі және қосымша есіктердің орналасуына назар аударыңыз. Оны әдетке айналдырыңыз. Сіз айқайлаған дауысты естісеңіз немесе өзіңіз түтіннің иісін сезсеңіз, жалынды көрсеңіз сабырлылық және ұстамдылық сақтауға тырысыңыз. Мән-жайды бағалап, нақты қауіптің бар екеніне көз жеткізіңіз, оның қайдан шығып жатқанын анықтаңыз. Үй-жайдан тыныш, дүрбелеңсіз неғұрлым қауіпсіз жолмен шығыңыз. «101» және «112» телефондары бойынша бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз. Сіз топ адамдармен бірге қозғалуға тура келсе, үрейленген адамдарды тоқтатыңыз, қорыққанынан қозғала алмай қалған адамдармен жайлап және түсінікті тіл қатыңыз, қолтығынан сүйемелдеңіз. Топтың арасында қалған кезде қолдарыңызды шынтағыңыздан бүгіңіз, жұдырығыңызды түйіп, оларды бүйіріңізге қысыңыз. Алдыңыздан орын босатып, баяу қозғалыңыз, денеңізді артқа қарай шалқайтып, аяғыңызды тіреп, түсетін күшті арқаңызбен ұстауға тырысыңыз. Түтіннің ең көп концентрациясы бар жаққа кірмеңіз. Шалғай үй-жайлардан құтқаруға тырыспаңыз. Егерде мән-жай түтіннің жоғарғы концентрациясының болуынан және қатты ыстықтан сіз ғимараттан шыға алмайтындай жағдайда болса, өрт сөндірушілердің көмегін күтіңіз.

Жоғарыда аталған барлық қағидаларды ұстансаңыздар өрттің алдын алуға және өрт болған жағдайда аман қалуға болады.

М.ИСМАЙЛОВ,

Ұлытау ауданы ТЖБ аға инженері,

азаматтық қорғау aғa лейтенанты.