Ұлытау облысында су тасқыны қатері сейілді
Ұлытау облысының ТЖ департаментінің дерегінше, аймақта көктемгі су тасқыны қауіпі толық сейілді. Облыс аумағындағы Сарыкеңгір және Қаракеңгір өзендері өз арнасымен ағып жатыр. Қаражал қаласының аумағындағы қар толық еріген. Сарысу өзені де бір қалыпта ағып жатыр.
Дей тұрғанмен, сақтық шаралары әлі де болса қатаң сақталуы тиіс. Әсіресе, балықшылар үшін бұл кезеңде барынша абай болған жөн. Сондықтан, облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері су қоймалары мен өзендердің жағасында балықшылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға мұзға және жағалауға шығу қаупін түсіндірді. Әңгімелесудің барлық қатысушыларына арнайы жадынамалар таратылды.