Берік Әбдіғалиұлы сайлауда дауыс берді
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Аймақ басшысы өз дауысын Жезқазған қаласындағы №24 жалпы білім беретін мектептің ғимаратында орналасқан №213 сайлау учаскесінде берді.
Берік Әбдіғалиұлы бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, азаматтық ұстанымын белсенді көрсеткені үшін облыс тұрғындарына алғысын білдірді.