Ұлытау ауданында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады
Елімізде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және Мәслихаттарының депутаттарын сайлауы өтіп жатыр. Ұлытау ауданындағы барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-ден бастап сайлаушыларды қабылдауда.
Ұлытау ауданы бойынша 30 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, 7273 дауыс беруші тіркелген.
Алғашқы сайлаушылар учаскелерге келіп, өз таңдауын жасады.
Сайлаудың әділ өтуін барлық учаскелерде партиялар мен кандидаттардың сенімді өкілдері және тәуелсіз бақылаушылар қадағалауда.