Кəсіпкер құқығын қорғайтын «QR-код»

Ұлытау облысында бизнеске заңсыз араласу туралы сигнал беру үшін «QRкод» пайда болды.


Құрметті кəсіпкерлер Сіздің құқығыңыз бұзылған жағдайда, соның ішінде кəсіпкерлік қызметіңізге заңсыз араласу фактілері болса, Сіз Online режимде Ұлытау облысы прокуратурасының кəсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді тобына хабарлай аласыз.
Бүгінгі таңда, Ұлытау облысы прокуратурасының кəсіпкерлікті қорғау бойынша мобильді топтарының QR-коды аудан əкімдігінің кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп бөлімінің, «Сымбат», «Сұңғат», «Сыбаға», «Ақбота», «Дана», «Жадыра» дүкендерінде пайда болды. Алдағы уақытта кəсіпкерлік субъектілерінің барлық объектілерінде пайда болады.
Кəсіпкер кəсіпкерлік қызметке заңсыз араласу туралы сигнал беру үшін QR-кодты сканерлейді, бұдан əрі заңсыз араласу фактілері туралы қысқаша ақпаратты баяндайды, егер бар болса, кəсіпкер сигналға фотосуреттер мен бейнематериалдарды қоса алады. Бұдан əрі прокуратура ақпаратты сигнал бойынша 30 минут ішінде бағалайды жəне қажет болған жағдайда сигнал түскен объектіге барып жедел əрекет етеді.
Кəсіпкерлердің барлық өтініштері прокуратураның дерекқорына түседі жəне аудандар бойынша топтастырылады. Бұл ақпарат бейінді органдарға жүйелік проблемалардың тізілімін талдауға жəне қалыптастыруға көмектеседі.

Ұлытау ауданының прокуратурасы.