Қыздар командасы — жеңімпаз

 Жезқазған қаласында»Ұлттық мектеп лигасы» аясында  волейболдан облыстық чемпионат өткізілді. Жарысқа  Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларының және  Жаңаарқа мен Ұлытау аудандарының командалары қатысты.
Доп додасында Ұлытау ауданының намысын №1 Ұлытау Тірек мектебінің қыздар командасы қорғап,  турнир жеңімпазы атанды. Енді жерлестеріміз 31 наурыз — 7 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін «Ұлттық мектеп лигасының» республикалық турнирінде облыс намысын қорғамақ.
Сондай-ақ,аталған жарыста Қарсақбай мектебінің 5-6 сыныпта оқитын ұлдар командасы және 7-8 сыныпта оқитын қыздар командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.