Берік Әбдіғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
️ Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аймақ басшысымен кездесуге келген Т.Құдайбердіев есімді тұрғын мүгедектік және еңбекке жарамдылық туралы сұрақтарын қойды.
Б️ұл мәселе бойынша, биыл 27 ақпанында азамат МӘСК-ке қайта куәландыруға жіберілген. Оның ІІІ топ мүгедегі екені нақтыланды. Егер тұрғын комиссияның бұл шешімімен келіспесе, онда ол Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің департаментіне өтінішпен жүгінуге құқылы екендігі түсіндірілді.
️ Сондай-ақ, азамат коммуналдық қызметтер үшін негізсіз қарыздарды есептеу фактілері орын алғаны туралы мәлімдеді. Өз кезегінде Берік Әбдіғалиұлы осы мәселені мұқият зерделеп, пысықтауды тапсырды. Осыдан кейін облыс басшысына орындау бойынша ақпарат беріледі.
️ Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы әр бейсенбі сайын сағат 17:00-ден бастап азаматтарды қабылдайды.
Алдын ала жазылу 8 (7102) 73-56-41 телефоны бойынша жүзеге асырылады.