Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды
Аудан прокуратурасы Ұлытау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының дара кəсіпкерлерге қатысты Қазақстан Республикасының «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан əрі — ƏҚБтК) 284-бабы 3-бөлігімен қабылданған əкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларына заңдылықтың сақталуына талдау жүргізіп, келесі бұзушылықтарды анықтады.
Атап айтқанда, əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау үшін негіз болып табылатын «Wipon Cashback» мобильдік қосымшасы арқылы берілген бейнежазбаларда құқықбұзушылықтың жеткілікті дəлелдерінің болмауы фактілері белгілі болды.
«Қоғамдық бақылау – чекті талап ет» пилоттық жобасы бойынша, құқық бұзушыны əкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мəселені қарау үшін фискальді чекті бермегені туралы сапалы бейне жазбаның болуы (дүкеннің атауы мен мекенжайы, сауда үйінің атауы, сауда үйіндегі дүңгіршектің атауы, базардағы орын нөмірі) жəне қабылдау субъектісін айқындау үшін басқа да мəліметтер негіз болып табылады. Ал, ƏҚБтК-не сəйкес іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын, мəн-жайлар болмаған кезде, əкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiз болып табылады.
Сонымен қатар, егер нақты деректер іс жүргізуге қатысушылардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе қысым жасау жолымен алынса немесе процестiң өзге де қағидаларын бұза отырып алынып, нақты деректердiң анықтығына ықпал етiп немесе ықпал етуi мүмкiн болып, оның iшiнде белгiсiз көзден алынса, олар дəлелдемелер ретiнде жол беруге болмайды деп танылуға тиіс.
Жоғарыда көрсетілген заңнама талаптары бұзыла отырып, дара кəсіпкер болып табылатын тұлғалар заңсыз əкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сол себепті, аудан прокуратурасы наразылықтар енгізіліп, заңсыз шығарылған 3 əкімшілік жаза қолдану туралы қаулылары аудандық соттың 03.03.2023 жылы қаулысымен жойылып, нəтижесінде үш дара кəсіпкердің құқықтары қорғалды.
Хабарлама ретінде, егер Сіз бизнес субъектісі болсаңыз жəне заңсыз кедергілерге тап болсаңыз немесе Сізге қатысты заңсыз тексеру жүргізілсе, Кəсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Ұлытау ауданы прокуратурасының мобильді тобына жүгіну қажет екенін түсіндіреміз.
Бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының тұрақты бақылауында екенін хабарлаймыз.
Ұлытау ауданының прокуратурасы.