Оқуға түсуге шақырады
Мəлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу шарттары Қазақстан Республикасының азаматы болу, орта білімі бар, денсаулығы əскери қызметке жарамды жəне оқуға, 16 жасқа толған азаматтар қабылданады.
Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым министрлігінің өткізетін Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) кезінде алынған баллдарға сəйкес берілетін сертификат арқылы Академияға қабылдау жасалады.
Азаматтардың күндізгі оқу бөліміне қабылдау тəртібі 4 кезеңнен тұрады:
— 1-ші кезең қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ нəтижесі бойынша іріктеу жүргізеді;
— 2-ші кезең медициналық жəне психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізеді;
— 3-ші кезең азаматтардың денешынықтыру (физикалық) тексерісі болады, 100 метрге жүгіру, турникте тартылу (подтягивание на турнике), кросс 1000 метрге жүгіру;
— 4-ші кезең қабылдау комиссиясы сайыстық іріктеу нəтижесіне сəйкес Академия курсанттары қатарына қабылдайды, сонымен қатар шет елдердің бейінді оқу орындарына түсуге іріктеу жасайды.
Курсанттыққа өткеннен кейін казармалық жайда 4 жылдық оқу жалғастырады.
Оқу киімдері, курсанттардың тамақтануы республикалық бюджеттен есептеледі. 1-2 курстарда курсанттарға шəкіртақы төленеді (стипендия).
Академия қабырғасында 3 жыл казармалық жайда болғаннан кейін, 4-ші курста ерікті казармадан тыс оқу жалғастырылады.
Оқу аяқталғаннан кейін Мəлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына келісім-шартқа отырып, азаматтық қорғау органдарында міндетті түрде жұмыспен қамтамасыз етеді.
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі.