Басты парыз — сыбайлас жемқорлықпен күресу

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымдық қылмыстар жатады. Қызмет өкілеттікті теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, біріңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және онының институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.  Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір – біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай – қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Инспекция жұмысы барысында жеке және заңды тұлға ретінде жұмыс жасайтын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, кәсіпкерлер құқықтарын қорғауға, олардың қызметіне заңсыз араласпауға сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлердің коммерциялық мүддесіне сүйемелдеу фактілеріне жол бермеуге бағытталған ішкі — бақылау тексеру күнделікті  жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылданып, біріңғай жүйе базаға енгізіліп отырады.

Аумақтық инспекциясы  басшысының азаматтарды қабылдауды күн сайын 16-00 ден 17-00 ге дейін жүргізіледі.Аумақтық инспекциясы басшысының жеке табысы, мүлкі және мекеменің сенім телефоны «Ұлытау» бұқаралық ақпарат құралына жарияланып отырады. Мемлекеттік қызмет көрсету негізінде стенд орнатылып, тиісті ақапарттық кеңес алуға мүмкіндік жасалынған.

 ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы