Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің əдептілік нормаларын жəне мінез-құлық қағидаларын одан əрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Əдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік əдеп қағидалары) бекітілген. Мемлекеттiк қызметшiлерінiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне жəне iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар Əдеп кодексі арқылы жоғарылай бастады. Əдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше орын алады.
Əдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жəне қызметтік əдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тəртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды əзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік əдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, əдеп жөніндегі уəкілдердің қызметін үйлестіру жəне мемлекеттік органдардың тəртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мəселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар əзірлеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Əдеп кодексіне сəйкес мемлекеттік қызметші адал, əділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен жəне əріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен əдептілік танытуы қажет. Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік əдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің жалпы міндеті. Қолайлы жұмыс атмосферасы мемлекеттік қызметшіге өз əлеуетін ашуға, өз көзқарасын ашық жеткізуге, білімімен бөлісуге жəне жалпы міндеттерді орындауда ұжымды жұмылдыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. Мысалы: үлкендерге құрмет көрсету, қоғамдық орындарда тəртіпті сақтау, адамдардың қызығушылықтарын бағалатпау жəне т.б. Мемлекеттік қызметкер əртүрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, оларды қорғау жəне қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдауды, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жəне əуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауы керек. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Əдеп кодексінің талаптарын сақтау басты міндет болып табылады.
Ержан ДƏУІТБАЕВ,
Ұлытау ауданы бойынша Əдеп жөніндегі уəкілі.