Кәсіпкерлерді қолдау – заман талабы
Бүгінгі таңда кəсіпкерлік Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Кəсіпкерлікті жан-жақты қолдау кəсіпкерлердің өздері үшін ғана емес, нарықтық экономиканы қалыптастыру үшін де маңызды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес əркімнің кəсіпкерлік қызмет бостандығына құқығы бар. Мемлекет кəсіпкерлік қызмет бостандығына кепілдік береді, оны қорғауды жəне қолдауды қамтамасыз етеді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында прокуратура органдарының қадағалауын азаматтар мен бизнес проблемаларын тиімді шешуге бағыттауды тапсырды. Осыған байланысты азаматтар мен кəсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы қадағалауды күшейтуге бағытталған шаралар қабылданды.
Бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының тұрақты бақылауында екенін хабарлаймыз.
Аудан прокуратурасымен 2020-2022 жылдары дара кəсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтары шығарылған кезде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізіп, заңдылықтың бұзушылықтарын анықтады.
Салық Кодексінің 128-бабы 1-бөлігіне сəйкес, дара кəсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтық берешегін жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады (бұдан əрі – салық бұйрығы) жəне оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.
Көрсетілген заңнама талаптарын Ұлытау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бұзып, дара кəсіпкер болып табылатын тұлғаларға қатысты заңсыз салық бұйрықтарын шығарған. Оларға қатысты салық бұйрықтары орындалу үшін жеке сот орындаушыларына жолданған.
Соның салдарынан кəсіпкерлік субъектілері атқарушылық іс жүргізу «орбитасына» негізсіз тартылған. Осы факті бойынша аудан прокуратурасы қадағалау актісін енгізді, соның нəтижесінде заңсыз шығарылған 33 салық бұйрығы жойылды жəне 14 дара кəсіпкердің құқықтары қорғалды.
Егер Сіз бизнес субъектісі болсаңыз жəне заңсыз кедергілерге тап болсаңыз немесе Сізге қатысты заңсыз тексеру жүргізілсе, Кəсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Ұлытау ауданы прокуратурасының мобильді тобына жүгіну қажет екенін түсіндіреміз.
Ұлытау ауданының прокуратурасы.