ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК – ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТІРЕК
Қазақстанда гендерлік саясатты жүргізу жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасында 2006 — 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы жəне Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы мен гендерлік теңдік мəселері жөніндегі халықаралық келісім-шарттар аясында отбасына, əйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
1998 жылы қабылданған БҰҰ Əйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция солардың бірі болып табылады. Конвенция ережелерін, Қазақстанға қатысты тиісті комитеттің ұсынымдарын басшылыққа алып, іске асыру мақсатында халыққа гендерлік білім беру жұмысы жүргізілуде. Гендерлік теңдік стратегиясының жеке бөлімі қоғамдағы зорлық — зомбылықты жоюға арналған. 1999 жылы ел Президентінің бастамасымен аудандық буындарға дейінгі ішкі істер құрылымдарында əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер құрылды.
Олардың негізгі міндеттері: əйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа жат қол сұғудан қорғау; əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу мəселелерінде ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметін үйлестіру; əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлеріне, нысандары мен əдістеріне, сондай-ақ оларды жасауға жағдай жасайтын себептер мен шарттарға талдау зерттеуін жүргізу; əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу мəселелерінде халыққа құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Гендер дегеніміз – ерлер мен əйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы əлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың əлеуметтік жəне мəдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, əйел) дегенді білдіреді. Ал гендерлік саясат дегеніміз – өмір құндылықтарының барлық саласына қатысты ер мен əйел арасында теңдік орнатуға бағытталған мемлекеттік жəне қоғамдық іс-əрекеттер. Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен əйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік жəне қоғамдық қызмет. Гендерлік саясат туралы қоғамда сан түрлі пікірлер бар. Біреуі мақтаса, ал, біреуі даттап жатады. Алайда, екі тараптың да өз кемшіліктері мен өз артықшылықтары бар.
Қорыта келгенде, гендерлік саясат – əйелдердің теңдігі жəне оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудің тəжірибелік құндылығы. Бұл əйелдер құқығын іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақмаржан ҚАЛЕКЕНОВА,
Ұлытау аудандық сотының бас маманы.