Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту – ел игілігін еселеу
Ұлытау ауданы əкімінің орынбасары Мақсұт ОСПАНОВ аудан фермерлері жəне кəсіпкерлермен кездесті. Кездесуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Мейрам СƏБИТОВ, аталған филиалдың бас маманы Ғалым ТҰРСЫНБАЕВ, аудандық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп бөлімінің басшысы Гүлнар АУҒАНОВА, «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Аманбек СҮЛЕЙМЕНОВ, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары қатысты. Ал, кент, ауыл əкімдері, фермерлер жəне кəсіпкерлер онлайн ZOOM платформасы арқылы қосылды.
Кездесу барысында семинарға қатысушыларға Ғалым Қарабайұлы қолданыстағы «Кең дала», «Агробизнес» жəне «Іскер» несиелік бағдарламаларының ережелерін түсіндірді.
«Кең дала» бағдарламасы көктемгі егіс жəне егін жинау өсімдік шаруашылығы жұмыстарына беріледі. Оның негізгі шарттары – қарыз алушыға 1 млн. теңгеден 5 млрд. теңгеге дейін, қарыз алушылар тобына (несиелік серіктестік) 10 млрд. теңгеге дейін, жылдық 5%- дан аспайтын мөлшерлеме, несие беру мерзімі келер жылдың 31 наурызына дейін.
«Агробизнес» бағдарламасы негізгі құралдарды сатып алуға, құрылыс монтаждау жұмыстары, айналым қаражатын толтыруға бағытталған. Қарыз алушыға 1 млн. теңгеден 5 млрд. теңгеге дейін несие сомасы беріледі. Қарыз алушылар тобына 10 млрд. теңгеге дейін (несиелік серіктестік) рұқсат етілген. Жылдық үстемақы 6%-дан 17%- ға дейін есептеледі. Несиелеу мерзімі 144 айға дейін, жеңілдік кезеңі 24 жəне 36 айға дейін қарастырылған.
«Іскер» бағдарламасы нəтижелі жұмыспен қамту жəне жаппай кəсіпкерліктің мемлекеттік бағдарламасы аясында жобаларды несиелеуге бағытталған. Олардың негізгі шарттары – несие сомасы 8,0 мың АЕК-ке дейін. Жылдық үстемақысы – 2%-дан 6%-ға дейін есептеледі. Несиелеу мерзімі 84 айға дейін, ал жеңілдік кезеңі несиелеу мерзімінің 1/3 бөлігін құрайды.
Кездесу соңында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалы қызметкерлері ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша ұсынылатын лизингтік қызметтер туралы айтып, аудан фермерлері мен кəсіпкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Аудан əкімінің баспасөз қызметі.