Жазушы Кәмел Жүніс дүниеден өтті
Белгілі жазушы, өлкетанушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті.
Кәмел Жүністегі 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары «ЕСЕП» (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын құрған. Бұған дейін 1949 жылы Қарағандыда ақын Бүркіт Ысқақов бастаған ұлтшыл жандар да дәл осындай бастама көтеріп қуғынға ұшырағанды. Әйтсе де, жүрегі ұлтым деп соққан азаматтарды отарлаушы үкіметтің қуғыны мен түрмесі қорқыта алмаған. Сол үшін кеңестік билік тарапынан қуғын көріп, Сібірге жер аударылды. Түрмеден келген соң да қоғамға «жағымсыз элемент» ретінде КГБ бақылауында болды.
«Дос көңілі», «Көне хикая», «Көксеу», «Көксеңгірдің тасында», «Соңғы Абыз», «Шырағдан» кітаптарының авторы. Әуесқой композитор ретінде «Арқа самалы», «Аяулым», «Домбыра», «Туған жер» әндерін жазған. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері.