Берік Әбдіғалиұлы «Мемсараптама» ШЖҚ РМК — мен одан әрі жұмыс жүргізу жоспарларын талқылады
Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жобалардың ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасы» («Мемсараптама») Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының директоры Г.Савичевпен кездесті.
Кездесу барысында Г.Савичев өңір басшысына «Мемсараптама» ШЖҚ РМК департаментінің облыстық филиалының ашылуы туралы баяндады, сондай-ақ біздің облыстағы өзара жұмыс туралы айтты.
«Мемсараптама» ШЖҚ РМК қызметінің мақсаты: қала құрылысын жоспарлау, аумақтарды дамыту және салу жобаларын кешенді бағалау; энергия үнемдеу, сумен және жылумен жабдықтау, магистральдық көлік, байланыс және коммуникациялар, коммуналдық — тұрғын үй шаруашылығы және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелері нысандарын қоса алғанда, әлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерін салу.