Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлытау облыстық филиалы директоры тағайындалды
Сағыныш Ерболатұлы Алдонғаров – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлытау облысындағы филиалының директоры лауазымына тағайындалды.
1986 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінде дүниеге келген.
2008 жылы Қарағанды политехникалық университеті инженер геолог мамандығы, 2010 — Қарағанды экономикалық университеті банк ісі бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2007 жылдан ҚР Ұлттық Банкінің Қарағандылық филиалында кассалық жұмыс инспекторы болып бастаған.
2010-2017 жылдары аралығында ҚР Ұлттық Банкінің қарағандылық филиалының Қолма-қол ақшамен және қассалық операциялармен жұмыс жасау бөлімінің жетекші инженері, жетекші маман инженері; 2017-2022 жылдары ҚР Ұлттық Банкінің қарағандылық филиалының Қолма-қол ақшамен және қассалық операциялармен жұмыс жасау бөлімінің бастығының орынбасары, бастығы;
Осыған дейін ҚР Ұлттық Банкінің Ұлытау облысындағы филиалы директорының орынбасары болған.