Қадірлі ұлытаулық бауырлар!
Ұлытау өңірінің қадірлі ақсақалы, ел ағасы Тақан ағамыздың өмірден өткені жөніндегі суық хабарды үлкен күйзеліспен қабылдадым. Талай рет дəмдес болып, шежіреге толы əңгімесіне қанығып, ақ батасын алған қадірлі жанның дүниеден өтуі – мен үшін де орны толмас өкініш.
Осындай күйзеліске толы қиын сəтте ұлытаулық бауырларыма, Тақан ағамыздың отбасына орны толмас қазаға ортақ екенімді білдіріп, көңіл айтамын.
Қымбатты жан – Тақан ағамыздың топырағы торқа, жаны жəннатта болғай.
Соңында қалған отанасы Шəрипа апамызға, ұрпақтарына Бір Жаратушы ием жақсы да, жарқын күндерді нəсіп еткей.
Қош… Бақұл бол, қадірлі аға!
Рысқали ƏБДІКЕРОВ,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты.