Жезқазған ЖЭО ахуалы қандай?

2022 жылғы 5 желтоқсанда Жезқазған ЖЭО-да жұмыста 4 қазандық қондырғысы (№5, 6, 7, 9) және 3 турбиналық қондырғы (№4,7,8) бар. №11 қазандық қондырғысы дайындықта.
Жылу беру ЖМ-3 беру құбыры үшін 88 °С (кері үшін 72 °С), ЖМ-9 беру құбыры үшін 88 °С (кері үшін 55 °С) және ЖМ-11 беру құбыры үшін 89 °С (кері үшін 53 °С) құрайды.
Бекітілген температура кестесіне сәйкес жылу тасымалдағыштың температурасы 105/63 °С болуы керек.
Станцияда 108 544 тонна көмір мөлшері бар. 22 тәулікке жететін қор көлемі сақталуда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.