Президент: «Мемлекет пен бизнес – сенімді серіктестер»

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлықтау рәсімі барысында елде шағын және орта бизнеске зияны тиетін жасанды кедергілер мен шектеулерді жою қажет екенін айтты. Президент тапсырмасына сай, кәсіпкерлік нысандарды себепсіз тексеру түбегейлі тоқтайды. Олар тек, салық органдарына ғана есеп бермек.

«Басты міндет – іскер азаматтарымыздың кәсіпкерлік рухына зиянын тигізетін жасанды кедергілер мен шектеулердің бәрін жою. Кәсіпкерлер бизнеске жүргізілетін себепсіз тексерулерді біржолата ұмытуы қажет. Олар тек салық органдарының алдында ғана есеп береді.

Мемлекет пен бизнес – сенімді серіктестер. Шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндердің бәрі заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады. Біз ауқымды индустрияландыруды, инфрақұрылымдарды салуды және жаңғыртуды қолға аламыз. Кең байтақ еліміздің әр өңірінің дамуына тың серпін беру маңызды», — деді Мемлекет басшысы.