Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант береді
Елордамыздағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде ұлықтау рәсімі басталды. Рәсім залына ҚР Мемлекеттік туы, ҚР Президентінің штандарты әкелінді. Салтанатты шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысып отыр.
Рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант береді. Осыдан соң Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды.
Ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.