Арнайы жұмыс тобы құрылды

Көппəтерлі тұрғын үйлердің жалпы үй жүйесінде электр энергиясын ұрлау мəселелерін шешу бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды облыс əкімінің баспасөз қызметі.

Жезқазған жəне Сəтбаев қалалары тұрғындары тарапынан үйдің жалпы мұқтаждықтары үшін ақы төлеуге байланысты шағымдарының жиілеуіне байланысты облыс əкімі Берік Əбдіғалиұлының тапсырмасымен көппəтерлі тұрғын үйлердің жалпы үй жүйесінде электр энергиясын ұрлау мəселелерін шешу бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.

Электр энергиясын ұрлауды анықтау мақсатында пилоттық жоба ретінде өңірдің төрт көппəтерлі үйінде (Жезқазған қаласы, Сейфуллин көшесі, 48; Сəтбаев көшесі, 37; Сəтбаев қаласы, Тəуелсіздік даңғылы, 34 жəне 38) тиісті жұмыстар басталды.

Қазіргі уақытта «Kazakhmys Distribution» ЖШС-ның электр желілері кəсіпорны аталған үйлердің əрбір кіреберісінде электр энергиясын есепке алу құрылғыларын орнату жəне көппəтерлі тұрғын үйлерді электрмен жабдықтаудың ішкі жүйесін жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл тұрғындардың электр энергиясын тұтынуын есепке алуды ашық етіп, оның ұрлануына жол бермейді. Өңір тұрғындарына көппəтерлі тұрғын үйлерде пилоттық жобаны іске асыру нəтижелері туралы барлық ақпарат беріледі. «Осы жоба аясындағы жұмыстың оң нəтижелері болған жағдайда оны кеңінен іске асыру ұсынылатынын атап өтеміз. Бұл – электр энергиясы үшін төлемдерді негізсіз есептеу мəселесін шешуге көмектеседі»,- дейді сала мамандары.