Құрылыс бөлімінің басшысы тағайындалды

Ұлытау ауданы əкімінің 2022 жылғы 17 қарашадағы №254 өкімімен Дəуітбаев Ғабит ҚАЛИҰЛЫ «Ұлытау аудандық құрылыс бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.    

Аудан əкімінің орынбасары Алмаз Қайырбекұлы жаңа басшыны ұжым қызметкерлері алдында таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.

Дəуітбаев Ғабит Қалиұлы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ішкі істер органында қызмет атқарған. 2019-2021 жылдар аралығында Ұлытау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман. Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Ұлытау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінде инспектор қызметін атқарған.