Сайлау күні елімізде 634 сәби дүниеге келді

Президент сайлауы күні Қазақстанда 634 бала дүниеге келді. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 20 қараша — сайлау күні елімізде 634  сәби дүниеге келді.

Оның ішінде 6 егіз бар.

Барлығы 328 ұл және 306 қыз бала дүние есігін ашты.

Айта кетейік, еліміздің 15 өңірінде ашылған сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.