Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы тағайындалды.
Санат Қабиденұлы Мусин Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
2003 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмәмдаған.
2004 жылы сот орындаушысы. 2006 – 2010 жылдары Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі. 2011 – 2018 жылдары Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаменті Әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы.
2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болған.