АЙМАҚТЫҢ ЭКОЖҮЙЕСІ ЗЕРТТЕЛЕДІ

Жезқазғанда төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау болжанатын аумақты (акваторияны) зерттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссияның бірінші отырысында облыста толыққанды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, осы мәселемен айналысатын ұйымдарды тарту туралы шешім қабылданды.

Комиссияның бірінші отырысының шешіміне сәйкес, оның екінші отырысына «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС (Алматы) қызметкерлері келіп, кешенді экологиялық зерттеулерді жүргізу тәжірибесі туралы айтып берді. Орталық жер асты және жер үсті сулары, топырақ, өсімдік жамылғысы, онкологиялық аурулар, өлім-жітім көрсеткіштері және т.б бойынша Кентау және Өскемен қалаларында, сондай-ақ Павлодар облысында жұмыс істеген.

Комиссия мүшелері мамандарға қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Қараша айының соңына дейін облыста жұмыс істеуге ниетті орталықтың өкілдері комиссияның басқа да отырыстарына қатысып, осы мәселе бойынша жұмыс тәжірибесі туралы толық ақпарат береді.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес көрсетілетін қызметтердің құны анықталғаннан кейін, сондай-ақ конкурстық өтінімдер негізінде қызмет берушілер іріктелетінін атап өткен жөн.